Жастар өзгерісті қалайды!

Осы уақытқа дейін халық алданып келді. Әділдікке деген сенім әбден тозды. Халық шаршады, өтірікке тойды. Жастар енді өзгерісті қалайды. Осы уақытқа дейін сөз бостандығы мен адам құқығын дегенді білмей келдік. Бостандық пен өз құқықтарымыз үшін күресетін уақыт келді. 30 жыл уақыт өтті, ешқандай сиқыр болмады. Жағдай күннен күнге нашарлап барады. Демек, өзіміз қолға алмасақ, билік те, жемқорлардың ұрлық жүйесі де өзгермейді, ешқайда жойылып кетпейді. Бар күш халықтың өзінің қолында екенін түсініп, бас көтерген кезде ғана өзгерістер басталады. Ал, халық ояну үшін, көзі ашылғандар бар күшін салып, басқаларға шындықты жеткізу керек! Әйтпесе қазақ оянғанша, ата-бабамыз мұра еткен жерімізден де, байлығымыздан да айырылып қаламыз! Іске көшейік, халқым! Әлі де кеш емес!