Шал: Қазақстан менің жеке кәсіпорным

Айтқаным айдай келді. Шал өзінің көксегенін кеше ашық мəлімдеді. ”Демократиялық былшыл – оның бəрі далбаса, тек бір орталықтан тігінен қатаң басқару ғана тиімділігін дəлелдеді, осы менің арманым” – деді ол еш қымсынбастан, шімірікпестен.
Енді өтірік демократия ойнамай, шынайы мақсатына – Нұрсұлтанат орнатуға кіріседі. Рахат Əлиевтің айтқаны айна қатесіз дəл келді. “Халық биліктің бірден-бір қайнар
көзі” деген конституция тармағы жайына қалды. Назарбаевтың ойынша, халыққа тек ішіп-жеу ғана керек. Шал күні кеше бірқатар заңдарға өзгеріс енгізіп, Жиһаз президенттен де онсыз да азғана құзыреттерін тартып алды.
Еліміз, Шал айтқандай, компания болса, ол 30 жылда ешбір тауар, жұмыс, қызмет түрін ұсынған жоқ, ол тек жемқорлық пен парақорлық өндірген, ұрлық пен тонаудың небір қитұрқы əдістерін ойлап тапқан қылмыскерлер компаниясы екені рас.