Жалпы азаматтық қозғалысты ұйымдастыру туралы ресми мәлімдеме

“Қазақстанның демократиялық таңдауы”

Биография

Қазақстанда түбегейлі демократиялық өзгерістерді жүзеге асыру үшін қоғамдағы салауатты күштерді біріктіру мақсатында “Қазақстанның демократиялық таңдауы” (ҚДТ) – жалпы азаматтық қозғалысы құрылады.

Халықаралық қолдауға сүйене отырып, “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы Қазақстанда демократиялық және конституциялық реформаларды жүргізуге, елімізде жалпы тұрмыс деңгейін жақсарту үшін түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді іске асыруға кіріседі.


“ҚДТ” қозғалысы келесі өзгерістерді енгізуде табандылық танытады:


Саясат саласындағы реформалар

  1. “Президент” – мемлекеттік билік лауазымын жою.
  2. Елде Парламенттік Республиканы орнату. Бір палаталық парламент және жалпыға бірдей тікелей сайлау жүйесін жасау. Премьер-министр мен үкіметті Парламент тағайындайды.
  3. Тәуелсіз сот жүйесін орнату. Прокуратура мен құқық қорғау органдарын реформалау.
  4. Адам құқығын қорғау және саяси тұтқындарды босату. Қазақстан қылмыстық кодексін ізгілендіру және оның саяси астары бар баптарын алып тастау.
  5. Партияны, кәсіподақтарды және бірлестіктерді құру еркіндігі.
  6. Бейбіт жиналыс, митинг, ереуіл мен шеру өткізу еркіндігі.
  7. Сөз бостандығы, цензураға жол бермеу. БАҚ-қа (Бұқаралық ақпарат құралдарына) монополияны жою.
  8. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту. Маслихат депутаттарының құқығы мен өкілеттігін кеңейту. Барлық деңгейде әкімдердің сайлануы.
  9. Ашық және әділ сайлау жүйесін қалыптастыру.


Әлеумет-экономика саласындағы реформалар

  1. Биліктің барлық деңгейінде жемқорлықпен күресу.
  2. Ұлттық, зейнетақы қорларын және табиғи ресурстарды қадағалау.
    Мұнай, тау-кен саласындағы компаниялардың қызметтерін көпшілікке ашық ету.
  3. Мұғалімдер, дәрігерлер мен қызметшілердің еңбекақысын және зейнетақы мен жәрдемақы көлемін едәуір өсіру. (балаларға, мүгедектерге, жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы және басқа да төлемақының түрлері).
  4. Еңбек еркіндігі мен құқығын қорғауды күшейту. Кен өндіретін, өнімді өңдейтін өндіріс салаларында төленетін еңбек ақыны дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің деңгейіне дейін өсіру.
  5. Мемлекет меншігіндегі жер телімдерін жекешелендіруге тиым салу.
  6. Мемлекет тарапынан әр азаматқа он соттық жер телімін бөліп беру және үй салу үшін берілетін несиенің қайтару мерзімін 20 жылға созу. Осы берілген жерлерге қажетті инфрақұрылымға мемлекет тарапынан инвестиция бөлу.
  7. Ең төменгі еңбек ақы мөлшерін Европа елдерінің деңгейіне жеткізу.
  8. Жұмыссыздарды еңбекпен қамту үшін мемлекеттік жаңа бағдарлама құру.
  9. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бюрократиялық тосқауылдарды жойып, салық ауыртпалығын азайту.

 

Біздің ұсынып отырған платформамызды мақұлдайтын барлық белсенді азаматтарды, олардың қандайда бір саяси, партиялық, ұлт және дін айырмашылығына қарамай, жалпы азаматтық “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысына мүше болуға және жергілікті орындарда ұйымдар мен бірлестіктерді құруға қолдаушыларды шақырамыз.

 

Жақынарада, демократиялық өзгерістерді іске асыру механизімдері жөнінде толығырақ мәлімет береміз.

Ұсынылған мақсаттарды іске асыру туралы және олардың қандай кезекпен басталуын анықтау жөніндегі ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңізді төмендегі e-mail: dvk-kazakhstan@gmail.com немесе жеке парақшаға: https://www.facebook.com/DVK.KAZ/ жіберіңіздер. Кім, қандай бағытта жұмыс жасауға дайын болса, хабарласыңыздар.

 

Біз халықтың күшіне және демократиялық өзгерістердің болатынына сенеміз!
Біз жеңіске бірге жетеміз!

Мұқтар Әбіләзов

Болат Атабаев