Сәлеметсіздер ме!

Мен көптеген елден кеткен қазақтың бірімін. Жат елде жүріп,олардың тұрмыс жағдайын көргенде,біздер де неге осылай тұрмаймыз,неге,неге деген сұрақтар мазалай берді. Осындағы жерлестеріміме қарап тұрсам ешқайсысы жұмыстың ауыр жеңіліне қарамайды,тек ақшасы жақсы болса болды,бір көрсетсе болды ,алып кетеді. Неше ұлтпен бірдей жұмыс жасағанда алдыңғы қатарда қазақтар көзге түседі. Сонда шіркін-ай біздің елде солай төлесе,ешкім елінен кетіп қаңғымас еді деген өкініш көкірегіңе өксік болып қадалады екен.Елімді, жерімді сағынып жүрген соң,тек елдің жаңалығын қарайсың ғой әдетте. Бірде МК ютубтағы айтқан ащшы шындықтарын көріп, естіп,қатты толқыдым. Содан іздей бастадым. Өзім шындыққа жақын,әділдік сүйгендіктен,ойлайтыным сол болды. Сөйтіп ДВК чатына қосылдым. Маған бұл чат өте бір ыстық та жақын болып кетті. МК көзімді ашпаса,солай жүре берер ме едім,кім біледі. Елім үшін намыстанамын.Мен сияқты әлі ұйықтап жүргендер қаншама,соларға айтарым,тұрыңдар,ояныңдар,бас көтеріп,жұмылып жұдырық болатын уақыт жетті.
Міне бүгін ДВК құрылғанына бір жыл,бір жылда талай талай істер жасалды,Біздер чатта аз болғанмен,сыртта Біздер жайлы білетіндердің саны күннен күнге артып келеді. Түрмеде жазықсыз отырған отандастарымызбен бірге жеңіске күнін тойлайтын күнге жетейік,халқым!!! Алға, ДВК!