Оянатын уақыт келді!

Жақында Қытайлық компанияның Қазақстандағы филиалы Түркістан қаласындағы жаңа құрылыстарға 51 млрд теңге инвестиция құюға дайын екені белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткен болатын. Демек бұл жерлердің тартылып алынып жатқан себебі де осы болар.
Халқым, мына үшінші видеодағы Жапония еліндегі болған жағдайға қараңыздаршы. Бұл видео өз жері мен өз құқығы үшін күресу керектігінің нақты дәлелі. Егер халық үндемей басын бұға берсе, әрекет етпей, өзінің тиелісін талап етпесе, билік ешқашан халықтың мұң зарына назар аудармайды! Халқым, заманның өзгеретін уақыты келді!
Осыншама байлыққа толы алып жерді кез келген халық иелене алмайды! Қазақ халқы басын көтеретін болса, нағыз батыр, қайсар халықпыз! Тек уақытша оны ұмытып кеткен сияқтымыз! Оянайық, кім екенімізді еске түсірейік!