Қосановтың басты қателіктері

Өмірбай Сабыров Өмірбай Сабыров – АВТОР ОБРАЩЕНИЯ В ЦИК и ПРОКУРАТУРУ ПО ПОВОДУ КОСАНОВА:

Қосановтың сайлауға түскендегі ең басты қателігі халықты аңқау,ақымақ ,сенгіш не болса соған көнгіш ретінде санағаны.Екінші басты қателігі өз халқының сезіміне ойнап халық алдында ашықтан-ашық екіжүзділік танытуы. Үшінші қателігі өзінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге елге танымал емес,өзін тамыр-танысын,жора-жолдастарын топтастыруы.
Қосанов бұрыннан билікке дәмелі болса,ол алдын -ала команда жинақтауы керек еді.Елдегі жақсы-жаманды билікке қарсы топтардың басын жиып, олармен ортақ тіл табысып,жалпы халықтан қолдау болған күнде сайлауға түскенде оң нәтиже болатыны анық еді.Ол керісінше сайлауға түсер алдында мен өзіме қарсы шыққан топтарға тойтарыс беріп соққы жасаймын деп жария етті.Бұл дегеніңіз әу баста оның билікке қарсы емес,керісінше өзінің оппозициядағы қарсыластарына қарсы шығу еді.Қосанов әлі де көпшіліктің қарсылығына қарамастан өзінің кереғар осы позициясын ұстанып келеді.Қосанов турасын айтқанда билікке наразы белсенді халықты екіге бөлді.Оппозицияны жақтайды деген топпен тікелей теке-тіреске түсті.Қосанов-Көшімнің құрған одағы қоғамда олардың халыққа берер ешқандай жақсылығы жоқ екенін көрсетті.Билік халыққа қалай жоғарыдан менсінбей қарап кемшітушілік танытып отырса, Қосанов-Көшім одағы да сондай мінез көрсетіп жай халықтың сеніміне қиянат жасап отыр.Біз оны Жамбыл облысында жасаған “Ұлт тағдыры” қоғамдық ұйымының мүшелеріне олардың жасаған қиянатынан анық көріп отырмыз.
Облыстағы ұйымның бөлімше мүшелерінің Қосанов-Көшімнің былығын түзеп оны қалпына келтіру жөнінде Бас Прокуратураға,Орталық сайлау комиссиясына жазған өтінішін қолдамай отырғандар сол билік өкілдері болып тұр.Билік тарапынан бірнеше адамдардың бізге қайта-қайта келіп біздің райымыздан қайтуымызға өтініштер білдіруі Қосановтың солардың мүддесін қорғап жүргенінің анық дәлелі.Оған ешқандай күдік болуы мүмкін емес.
Ендігі жерде сайлауға қатысу -қатыспауы,кімді қолдау керек екені әркімнің өз еркі.Тек халық адаспаса болар еді.
Мәдениетті салиқалы пікір айтушылармен пікірлесуге болады.Аузы кір жаман пікірлер айтушылар пікір жазбай-ақ қойсын.Егер ондай шалдыр-шатпақтарымен бүлдіргісі келетіндер болса онда олар фейсбуктің ережесімен өз орнын табатынын ескертемін.