ҚДТ штабының ұяшықтарға арналған нұсқаулығы: Ұяшықтар не үшін қажет?

ҚДТ штабы ҚДТ ұяшықтарын ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық әзірледі. Бұл бірнеше бөліктен тұратын функционалды мазмұнды нұсқаулық. Ол ҚДТ жақтастарына қылмыстық режимге қарсы күрестің негізгі буындарын құруға көмектеседі. Құрылған ұяшықтар күш-жігерді біріктіріп, Қазақстанда өзгерістерді қалайтын барлық жақтастарымыздың басын қосуға жәрдемдеседі. Тек осылай ғана біз шын мәнінде қаншалықты көп екенімізді түсініп, күрделі сәтте бір-бірімізге қолдау көрсетіп, кез келген жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін анық білетін және түсінетін боламыз.

Қазіргі уақытта КДТ бейбіт жолмен және зорлық-зомбылықсыз өтетін наразылық акциялары арқылы Назарбаев режимін ауыстыру үшін қолдаушылардың жеткілікті санын жинады. Әлі күнге дейін мақсатымызға қол жеткізбеуіміздің жалғыз проблемасы – ол ұйымдаса алмай отырғанымыз, осының салдарынан жаппай наразылық акцияларына қатысушылар жұдырықтай жұмыла алмай отыр. Бұл полиция мен Ұлттық гвардия әскерлері алдында жападан жалғыз қалғандай сездіріп, әлсіздікке бой ұрғызып, адамдардың рухын түсіреді, полицияға шерушілерді ұстап әкетіп, қорқытуға мүмкіндік береді. Осы мәселені шешу үшін ҚДТ ұяшықтардан құралатын нақты әрі ықпалды ұйымдастыру моделін қалыптастыратынын хабарлайды, бұл ұяшықтар алдағы уақытта қылмыстық режимге қарсы күрестің негізгі буыны болмақ.