ҚДТ штабының ұяшықтарға арналған нұсқаулығы: Ұяшық қалай құрылады

ҚДТ штабы ҚДТ ұяшықтарын ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық әзірледі. Ұсыным сипатындағы нұсқаулықтың осы бөлімінде біз ұяшық қалай құрылатынын, оның жетекшісі қалай сайланатынын және кімдерді тартуға болатынын түсіндіреміз.

ҚДТ бағдарламасының негізгі тармақтарымен келісетін және Назарбаев режимінің биліктегі бұдан былайғы үстемдігі елімізді шыңырауға апаратынын, азаматтарды болашағынан айыратынын түсінетін Қазақстанның кез келген ересек тұрғыны ұяшық құра алады. Ұяшықты құруға тікелей кіріспес бұрын, ҚҚТ штабы ҚДТ бағдарламасымен мұқият танысып шығуды ұсынады. Ұяшықтар жұмысының маңызды элементтерінің бірі – басқа азаматтарға ҚДТ ұстанымдары мен мақсаттарын түсіндіру, жаңа жақтастарды тарту. Сондықтан егер белсенділердің өздері біздің бағдарламаны қарапайым сөзбен түсінікті түрде жеткізе алмаса, күлкі болады және бұл ақылсыздыққа жатады.

Ұяшықтарға тек таныс адамдарыңызды — туысқандарыңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді, өзіңіз толық сенетін адамдарыңызды ғана тартқан жөн және олардың ҰҚК немесе полицияның арандатушылары болып табылмайтынына, сіздің ұяшығыңыз туралы басқа біреулерге ақымақтық жасап немесе мас күйінде айтып қоймайтынына сенімді болсаңыз ғана ұяшық жұмысына қатыстырған жөн. Кездейсоқ және бейтаныс адамдарға, әсіресе, өзін-өзі ұсынатын адамдарға сенім артпаңыз. Арандатушылардан сақтаныңыз!

Ұяшықтың оңтайлы саны — 3-5 адам, бірақ кейбір жағдайларда, егер сіздің сенімді достарыңыз бен жақындарыңыз жеткілікті болса, қатысушылар саны одан да көп болуы мүмкін, бірақ 10 адамнан асырмау керек. Бұл жағдайда іс-қимылдарды үйлестіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиын болады. Егер сіздің пікірлестер тобыңыз үлкен болса, оны бірнеше ұяшықтарға бөлген дұрыс болады.

Ұяшықтың көшбасшысы – жасы үлкен немесе материалдық тұрғыдан ауқатты немесе амбициясы зор, бастық болғысы келетін адам емес, ұяшықтың жұмысына уақыт бөліп, көп күш-жігерін салуға, өз басына үлкен жауапкершілік алуға дайын адам.