Қасиетті құқығымыз бен міндетіміз

Исландия елінің парламент ғимаратының алдында ортасынан қақ жарылған тас монументі орнатылған. Сол монументте “Егер де үкімет адам құқығын бұзса, онда бас көтеру – халықтың қасиетті құқығы мен міндеті!” – деп жазылған. Билік халық мүддесін қорлап, оның құқығын жерге таптап, ауыз жауып, қорқытқан сайын, халықтың ашу-ызасын одан әрі арттыруда. Шыдамның да шегі бар.
Өз халқын сорлатқан ел, ешқашан алға баспайды. Демек дамимыз, алдыңғы қатарлы елдер қатарына енеміз десек, біз басымызды көтеріп, халық мүддесін ойламаған биліктің кетуін талап етуіміз керек. Біз ұрылар құлы емеспіз! Қолымызда күш бола тұрып, бірікпей, ұры-қылмыскерлерге құл болғанымыз, ол үлкен күнә!
Мына видеодағы зейнеткер апамыздың жасы 64-те. Биліктің заңсыз әрекеттеріне төзбейтінін білдіріп отыр. Жасына қарамастан өз құқығы үшін күресуге дайын. Жастар да осы апамыздай өз құқығын таптатқызбай күресу керек. Сонда ғана халық басы бірігіп, көтеріледі. Жастар, ояныңдар!