Анетова Жанат: Бұл соңғы мүмкіндік!

Осы жолы өзгеріс жасай алмасақ, диктатуралық, клептократиялық режим әбден орнығады. Назарбаевтің өлген соң бірдене өзгереді деп ойламаңыздар! Сіздерге мысал Туркменистан, Узбекистан, Солтүстік Корея елдері. Бір диктатор кетіп, келесісі келіп өз дегенің жасап жатыр.
Халық сөзінің күші болмаған елде ешқашан халықтың мұң зары тыңдалмайды! Соны еске сақтаңыздар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, сол сияқты жұмыла көшеде айтылған сөздің де күші болады. Тек 100-200 адам емес, 100 мыңдап шығып халықтың талабын айтуымыз керек! Ал басты талап ол үстіндегі биліктің толықтай отставкаға кетуі! Нұротан мен шал шайкасы кетпей, өзгеріс басталмайды!
Сондықтан, бір бірімізді сынамай, бір бірімізден мін іздемей, ұрыспай-керіспей, бәрін уақытша ұмытып, бар күшімізді халықты оятып, бірігуге салу керек! Сонда ғана халық жеңеді!